Жемқорлықпен бірге күресейік!
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс өкілдері «Астана Су Арнасы» ұжымымен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Әңгіме барысында «ЖАҢАРУ» РҚБ НҚФ директоры Дәулеткерей Рахметуллин кәсіпорын қызметкерлеріне ар-ожданы мен тәрбиесі бар әрбір адам сыбайлас жемқорлықтың қаншалықты қорқынышты екенін білуі керектігін еске салды.
Сондай-ақ, ол елорда аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік үгіт-насихат топтары жұмыс істеп жатқанын, олар мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы дәрістер әзірлегенін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіретін ақпарат әзірлегенін мәлімдеді.
Соңында Дәулеткерей Рахметоллаұлы әңгімелесушілерге «жай ғана адал өмір сүріңіздер, сонда ғана біз жемқорлықты жеңе аламыз, ал біздің өміріміз әлдеқайда жеңіл, жақсы болады!» - деді.