Жемқорлықпен бірге күресейік!

Әңгіме барысында «ЖАҢАРУ» РҚБ НҚФ директоры Дәулеткерей Рахметуллин кәсіпорын қызметкерлеріне ар-ожданы мен тәрбиесі бар әрбір адам сыбайлас жемқорлықтың қаншалықты қорқынышты екенін білуі керектігін еске салды.
Сондай-ақ, ол елорда аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік үгіт-насихат топтары жұмыс істеп жатқанын, олар мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы дәрістер әзірлегенін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіретін ақпарат әзірлегенін мәлімдеді.
Соңында Дәулеткерей Рахметоллаұлы әңгімелесушілерге «жай ғана адал өмір сүріңіздер, сонда ғана біз жемқорлықты жеңе аламыз, ал біздің өміріміз әлдеқайда жеңіл, жақсы болады!» - деді.


