Жаңалықтар

«Астана су арнасы» 385 зейнеткері Қарттар күніне орай сыйлықтар алды.

57.JPGСондай-ақ, құрмет көрсету қарсаңында кәсіпорынның бас директоры Табиғат Зейнұлқабден ұжымға кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасын таныстырды. Күмісжан Бектасова қызметке мақұлданды. Бұрын ол Өнім өткізу қызметін басқарған. Сондай-ақ «Астана су арнасы» МКК ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын сайлады. Ұжым Серік Қылышұлы Искаковтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Отырыс қорытындысы бойынша бас директор ардагерлердің өтініштерін тыңдады. Және міндеттерді шешуде жан-жақты жәрдемдесуге дайын екендігін білдірді. Өз кезегінде «Астана су арнасы» МКК ұжымы барлық зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтайды! Бұл күн аға ұрпақтың еңбегін еске алуға және атап өтуге, қарттардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жаңа көзқараспен қарауға тамаша себеп болып табылады. Бұл Сіздерге – әкелеріміз бен аналарымызға, аталарымыз бен әжелерімізге, ардагерлерге, зейнеткерлерге, Астана қаласының қарт тұрғындарына тағы да алғыс айту мүмкіндігі. Сіздер біздің қаланы құрдыңыздар, бізге өмір сыйладыңыздар, бізге болашақ ұрпаққа мұра қып беретін баға жетпес тәжірибені сақтадыңыздар.

Сіздерге шын жүректен ұзақ жылдар бойына мықты денсаулық, рухани тепе-теңдік, өмірге деген өшпес қызығушылық, жылулық, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөлене берулеріңізді тілейміз!

52.JPG53.JPG54.JPG55.JPG56.JPG