АЙДАР - "ЕҢБЕК АДАМДАРЫ" БІЗДІҢ КӘСІПОРЫННЫҢ МАМАНДАРЫ. ОЛАР ҚАНДАЙ?
Снежанна Меркурьева – кәріз тазарту құрылыстары зертханасының бастығы.
2003 жылы Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетін «Химия» мамандығы бойынша бітірген. Жас химия мұғалімі өзін мектепке және балаларға арнауды армандады, бірақ 2003 жылы Снежанна Николаевна магистратурада оқуын жалғастырды. Екі жылдан кейін химия магистрі дәрежесін алды. Содан кейін ол екі жыл бойы аталған университеттің аспирантурасында оқыды және 2009 жылы химия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
2005 жылдың қыркүйегінде Снежанна Меркурьева «Астана су арнасы» МКК-ға аэрация станциясының аналитикалық зертханасының зертханашысы лауазымына жұмысқа қабылданды.
2009 жылдың мамыр айында кәріз тазарту құрылыстарының аналитикалық зертханасының инженері болып ауыстырылды.
2014 жылдың ақпан айында кәріз тазарту құрылыстары зертханасының бастығы лауазымына ауыстырылды.
Қазіргі уақытта Ағынды суларды тазартуға зертханалық-өндірістік бақылауды және қоршаған ортаға әсер ету мониторингін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Снежанна Николаевнаның басшылығымен «Астана су арнасы» МКК кәріз тазарту құрылыстарының зертханасы МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестігіне аккредитация алды.
Снежанна 1979 жылы 27 ақпанда Татарстан Республикасының Қазан қаласында дүниеге келген.