Жаңалықтар

Республика күніне орай Дүйсенбай Шайкенов «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.

IMG-20221026-WA0048.jpg

Республика күніне орай Дүйсенбай Шайкенов «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.

Салтанатты рәсім қала әкімдігінің қабырғасында өтті. Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік награданы елорда әкімі Алтай Көлгінов табыс етті.
«Еңбек Даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардың жұмысшылары мен еңбеккерлері кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жемісті ұзақ мерзімді еңбегі үшін, сондай-ақ өндірістегі ең жоғары көрсеткіштері үшін марапатталады.
Дүйсенбай Шайкенов СҚО тумасы. Өндіріс саласында 40 жылдан астам жұмыс істейді. Оның 23 жылын «Астана Су Арнасы» кәсіпорнына арнады.
Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр.

IMG-20221026-WA0047.jpg