ШАРЛЬ ДЕ ГОЛЬ КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ОСЫ САҒАТҚА АҚПАРАТ, АҚБҰЛАҚ Ш.А., 1,2,3 ЖӘНЕ ІШІНАРА ЭНЕРГЕТИК КЕНТІ
Белгілі болғандай, құрылысшылар қадалар үшін шұңқыр жасап жатқан. Нәтижесінде 6 метр D300 құбырды жұлып алған. «Астана Су Арнасы» мамандары құрылыс орнына бірнеше рет барып, құрылыс компаниясының басшысына қолданыстағы су құбырының бар екендігі туралы ескертті. Алайда, құрылыс салушы ескертуді ескермеді және тәуекелге барды.
«Астана Су Арнасы» авариялық қызметінің күшімен 2022 жылғы 02 қарашада сағат 14:45-те жарылудың орны анықталды. Оны жою үшін мамандарға шамамен үш сағат қажет болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 01 қарашада Тәуелсіздік-Шарль де Голль көшесінде «Тұмар Групп» ЖШС құрылыс компаниясы «Мұрагер» КТК құрылысы кезінде Д-300 мм су құбырына зақым келтірді, осыған байланысты Ақбұлақ 1,2,3 м-н және ішінара Энергетик кентіне су беру тоқтатылды. «Астана Су Арнасы» авариялық қызметі тарапынан су тасымалдау ұйымдастырылды.