Халыққа жаңалықтар

Мен, Табиғат Зейнұлқабден, Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК бас директоры

Құрметті оқырмандар сіздерге айтар жаңалығымыз бар.

Мен, Табиғат Зейнұлқабден, Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК бас директоры

• Партияның маған артқан үлкен жауапкершілігі мен білдірген сенімін, кандидат ретінде ұсынуын үлкен мәртебе санаймын. Бұл – халықтың аманаты;

• Сайлау науқаны барысында тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, халықпен тығыз әрі белсенді жұмыс істеуге күшімді саламын;

• Өңірлік және республикалық деңгейдегі проблемаларды, аймақты және тұтастай елімізді дамытуға қажет мәселелерді зерттеп-зерделеуге ат салысамын. Олардың шешілу жолдарын ұсынамын;  

• Алдағы Мәжіліс және Мәслихаттар сайлауы – еліміздегі аса маңызды саяси процесс. Ол – трансформациялық жаңарудың ауқымды бөлігі. 19 наурыз күні өтетін сайлау сайланушы мемлекеттік органдардың мәртебесін көтеріп, «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын іске асырудың нақты механизмі деп білемін.