Халыққа жаңалықтар

СУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ЖОҚ ТҰТЫНУШЛАРҒА 1 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛДАН БАСТАП ТҰТЫНУДЫҢ ЖАҢА НОРМАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ.

СУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ЖОҚ ТҰТЫНУШЛАРҒА 1 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛДАН БАСТАП ТҰТЫНУДЫҢ ЖАҢА НОРМАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ.

Құрметті тұтынушылар!

«Астана су арнасы» МКК хабарлайды, 2018 жылдың наурыз айының 1-нен бастап суды есепке алу құрылғылары жоқ тұтынушыларға тұтынудың жаңа нормасын енгізді, Астана қаласының әкімшілігінің №367-2307 11 желтоқсаннан 2011 жылы «Астана қаласы бойынша тұтынушылардың суды тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысына №367-70 10 қаңтардан 2018 жылы қосымша енгізілді (30.01.2018 жылдан бастап № 1157 әділет органдарында тіркелген)

Бұл нормалар суды есепке алу құрылғыларын орнатуға бағытталған ынталандыру механизмі, олардың болуы әрбір тұтынушының заңды міндеті болып табылады және нақты тұтынылған қызметтер көлемін төлеу үшін қажет, бұл өз кезегінде суды ұқыпты пайдалану проблемасын шешеді.

Осы қаулымен Сіздер Қазақстан Республикасы Интернет-ресурсында Эталондық бақылау банкінің нормативтік құқықтық актілерінде http://zan.gov.kz таныса аласыздар