Жаңалықтар

Құрметті тұтынушылар!




Құрметті тұтынушылар!
Біз Сіздерден су ресурстарының тапшылығы проблемасына байланысты суға ұқыпты қарауларыңызды сұраймыз және шақырамыз.

Қазіргі уақытта «Астана су арнасы» барлық қала тұрғындары үшін ауыз судың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз етуде елеулі қиындықтарға тап болды.

Біз көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсететін сервистік компаниялардың өкілдерін қарбалас уақытта жасыл желектерді суармауға шақырамыз. Су желілеріне жүктемені азайту үшін 23:00-ден 06:00-ге дейін суарудың қатаң уақытын сақтауыңызды сұраймыз. Бұл судың шектеулі мөлшерін тиімді пайдалануға және оны басқа қажеттіліктерге үнемдеуге көмектеседі.

Сонымен қатар, Сіздерден асфальтқа немесе аула алаңдарына ауыз су төкпеулеріңізді сұраймыз.

Біз Сіздерді жауапты тұтынушы болуға және суды қажетсіз ысырап етпеуге шақырамыз.

Егер бұл өтініштер еленбесе, «Астана су арнасы» құқық бұзушыларға қатысты қосымша шаралар қабылдауға мәжбүр болады.

Біз елорданың әрбір тұрғынын су ресурстарын сақтауға белсенді қатысуға және осы мәселеде ынтымақтасуға шақырамыз. Суды үнемді пайдалану бойынша Сіздің күш-жігеріңіз бізге ағымдағы тапшылықты еңсеруге және Астананың барлық тұрғындары үшін жеткілікті сумен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Түсіністік танытқаныңыз үшін рахмет.