Жеке тұлғаларға тіркелу және онлайн-келісімшарт жасау тәртібі қалай?
Documentolog Personal жүйесіне жеке тұлға ретінде тіркелу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1-қадам. Өз браузеріңізде documentolog.com сайтын ашыңыз. Басты бетте «Тегін бастау» батырмасын басыңыз.
2-қадам. «Жеке тұлға» аккаунт түрін таңдаңыз.
3-қадам. Тіркелу әдісін таңдаңыз
Тіркелу үшін үш нұсқа ұсынылады:
• E-mail арқылы
• Google арқылы
• Apple ID арқылы
3.1-қадам. E-mail арқылы тіркелу:
• Электрондық поштаңызды (E-mail) арнайы өріске енгізіңіз.
• «Код алу» батырмасын басыңыз.
3.2-қадам. E-mail-ді растау:
• Тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштаңызды тексеріңіз. Сізге растау коды жіберіледі.
• Сол кодты сайттағы арнайы өріске енгізіңіз.
4-қадам. Деректерді толтыру
• Өз фамилияңыз бен атыңызды енгізіңіз, сондай-ақ құпиясөз ойлап табыңыз.
• «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
Назар аударыңыз!
Анкетаны толтырғаннан кейін сіздің аккаунтыңыз Personal және Market жүйелерінде автоматты түрде құрылады.
*****
«Documentolog Personal» ақпараттық жүйесінде жеке тұлғалар үшін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге өтініш беру және үлгілік шартқа қол қою жөніндегі нұсқаулық1. Жалпы ережелер
Бұл нұсқаулықта сумен жабдықтау қызметтері бойынша шартты жасасу, бұзу, тұрғындар санын өзгерту және басқа да өтініштерді беру тәртібі түсіндіріледі. Сондай-ақ, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуге арналған шартқа электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS-код (ИС «Мобильді азаматтар базасымен» интеграция) арқылы қол қою процесі сипатталады.
2. Өтініш беру тәртібі
2.1. Өтініш беру:
1. https://personal.documentolog.com мекенжайы бойынша «Documentolog Personal» жүйесіне кіріңіз.
2. «DG Market» бөліміне өтіп, «Астана Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын таңдап, «Жеке тұлғаларға арналған өтініш» сілтемесін басыңыз.
2.2. Өтініш беру кезеңдері:
1. Бастапқы бетте «Бастау/Начать» батырмасын басыңыз. Мұнда қызмет көрсету мерзімдері, талаптар және нәтижелері туралы ақпарат қолжетімді.
2. «Жеке тұлғалардың өтініші» карточкасында өтініш түрін таңдап, барлық қажетті жолдарды толтырыңыз. Дұрыс телефон нөмірін және меншік иесінің немесе сенімді тұлғаның ЖСН-ін енгізіңіз (дұрыс енгізілген нөмірге шарт жіберіледі). Жылжымайтын мүлік нысанына қатысты құжаттардың көшірмелерін жүктеп, «Жалғастыру/Продолжить» батырмасын басыңыз.
3. Өтінішке ЭЦҚ ҚР ҰКО арқылы қол қойыңыз. «Қол қою/Подписать» батырмасын басыңыз.
4. Қол қойғаннан кейін өтініш автоматты түрде «Астана Су Арнасы» мекемесіне қарауға жіберіледі. Өтінішті ЭЦҚ-мен жүктеп алу үшін «ЭЦҚ-мен жүктеу/Скачать с ЭЦП» батырмасын басуға болады.
5. «Астана Су Арнасы» мекемесінде өтініш тіркелгеннен кейін өтініштің тіркеу нөмірі мен күні карточкада көрсетіледі.
Ескерту:
Егер өтінішке өзгерістер енгізу қажет болса, абоненттің электрондық поштасына және «Documentolog Personal» жүйесіне қайта өңдеу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Өтінішті өңдеу үшін «Өңдеу/Редактировать» батырмасын басып, өзгерістер енгізіп, қайта жіберіңіз.
2.3. Өтініштер тарихы:
Барлық бұрын берілген өтініштер «Маркет қызметтері» бөлімінде қолжетімді.
3. Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартқа қол қою
3.1. Шарт алу:
Өтініште көрсетілген телефон нөміріне Documentolog-«Астана Су Арнасы» мекемесінен сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтеріне арналған үлгілік шартқа сілтемесі бар SMS хабарлама жіберіледі. Шартты көру үшін сілтемені басыңыз.
3.2. Шартқа қол қою:
• Шарт мәтінімен танысып, оңға/солға бағыт көрсеткіші арқылы қарауға болады.
• «Қол қою» батырмасын басыңыз. Қол қоюдың 3 нұсқасы ұсынылады:
1. ҚР ҰКО сертификаты арқылы қол қою.
2. Egov QR/Mobile ҚР ҰКО арқылы қол қою.
3. SMS-код арқылы қол қою (ИС «Мобильді азаматтар базасы»).
3.3. Шартты аяқтау:
Шарт жеке тұлға мен «Астана Су Арнасы» мекемесі тарапынан қол қойылғаннан кейін аяқталған болып саналады.